Қош келдіңіз!!!

Азат Абдуллаев – 14 жасында мектеп бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атанған ерекше жігіт. Қазір Азаттың жасы  20-да. Ирландиядағы Дублин университетінің PhD докторантурасында физика мамандығы бойынша білім алуда.

Тәуелсіздіктің төл құрдасы Азатты тыңдап көрейік…

«Балалығым – бал күндерім»

Мектеп табалдырығын 5 жасымда аттадым. Өйткені, үш жасымда-ақ 100-ге дейін санап, 42 әріпті жаттап алған болатынмын. Шымкентте бірнеше мектеп «жасың кішкентай, оқу бағдарламасына ілесіп кете алмауың мүмкін» деп қабылдаудан бас тартты. Әйтеуір №64 орта мектептің ұстаздары сенім артып, оқуыма мүмкіндік берді. Ортаға тез сіңісіп кетіп, сыныптастарымды оңай-ақ қуып жеттім. 6 жасымда бірден 3-сыныпқа көшірілдім. Есепке жүйрік болдым. Сандардың квадраты мен төрт дәрежесіне дейін жатқа айтып беретінмін. Ал 4-сыныпты екі тоқсан ғана оқып, бесінші сыныпқа қарғуыма тура келді. Және де сол жылдың аяғында арнайы тест тапсырып, алтыншы сыныпты оқымай 7-сыныпқа өттім. Read the rest of this entry »

Семейге жеткесін Мәншүк, Жаңылай, Арнат пен Даяна қатты шаршағандықтан,  Жидебайға бара алмайтындықтарын жеткізді. Семейге келіп тұрып, Абайдың еліне ат басын бұрмай  кету кешірілмес күнә сияқты көрінді бізге. Назерке екеуміз жол білмесек те, көзді жұмып қойып, ұлылар жатқан өлкеге баруға бекіндік. Такси тас жолда зымырап келеді. Қасиетті Жидебай. «Абай жолындағы»  есімі ежелден етене таныс атаулар. Әйгерімнің бұлағы, Еңлік пен Кебектің мәңгілік дамылдаған жері, жасырынған үңгірі,  Күшікбай бұлағы, бәрі-бәрін  бізге таксиде  қатар жайғасқан абайлық апай көрсетіп,түсіндіріп келеді. Жидебайға түс ауа жеттік біздер. Қазір мұражайға айналдырған үйде Хакім Абай ғұмырының соңғы он жылын өткізіпті. Әкесі Құнанбай қайтыс болған соң бұл жерге інісі Оспан иелік жасайды.Бірақ ол да 1892 жылы жастай өмірден озады. Жесір қалған Еркежанды қазақтың әмеңгерлік салтымен алған Абай Жидебайға көшіп келіп, 1895 жылы үйді қайта өз жоспарымен тұрғызады. Осы он жыл ішінде қасиетті шаңырақта Абайдың  75-76 өлеңі, 27 қара сөзі және екі әні дүниеге келіпті. Лермонтов пен Крыловтан 25-26 аударма жасайды. 5 бөлме мен 3 залда тұрған заттар, яғни күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты, жазу Read the rest of this entry »

 Семейге түнгі 4-те келіп жеттік. Қап-қараңғы түнекке оранған қаладан қонақүй табу оңай болмады. Таксист ағай апарған қонақ үйлердің бәрінде орын қалмапты. Соңында «Турист» деген қонақүйден орын табылды-ау. Біз келіп жайғасқанда таң да арайланып атып келе жатқан. Демімізді сәл алып алғасын автобекет іздеуге шықтық. Үшбиікке билет алмақпыз. Онда группаласымыз Мәдинаның ұзатылу тойы өтеді. Бекетке барсақ автобус ауылға түс қайта шығады. 7 сағат жол жүріп барғанша тойдың да тарқар түрі бар.Ал таксилер 15 мың сұрады, 4 сағатта жеткізетінін айтып. Бар үмітіміз пойыз кассасында еді. Ол үміт те шорт үзілді. Билет қалмапты. Енді не болса да 12.30- да Қызылордаға аттанатын пойызға зайчик болып жармасып мініп алудан басқа  амал қалмады. Бірақ зайчик боп міну де оңай  емес екен. Қанша проводник тексерістің күшейтілгенін айтып алудан бас тартты. Жүруге уақыт таянғанда  бір ағайды көндірдік. Қолына  6000  теңгесін санап бердік. Read the rest of this entry »

16.00-дағы автобуспен Назеркенің ауылына жолға шықтық. Группаласымыздың ауылы Борлыбұлақ 50-шақты үйден тұратын шағын ғана ауыл екен. Оңтүстіктің ыстығына үйренген біздер кешкісін қалшылдап жаурай бастадық. Назеркенің анасы біздің бұл түрімізді көріп, пешке от жақты. Үш күн бойы.

Екінші күні Қарқаралыға келдік қайта. Ең алдымен іздегеніміз 1851 жылы Құнанбай қажы салдырған мешіт болды. Кеңес өкіметі кезінде өз қызметін тоқтатқан мешіт, тәуелсіздік алған жылдан кейін қайта қалыпқа келтіріліпті. Сосын табиғат мұражайы мен тарихи-өлкетану мұражайында болдық. Бір қызығы, жексенбі күні ондағы мемлекеттік мекемелермен қатар, дәмхана, дүкен, фотосалон т,б да демалады екен. Біз ойлағанбыз ғой дәмханадан тамақтанып, түс қайта Шайтанкөлдің басына шығамыз ба деп. Тамақтанбақ түгілі дүкеннен жүрек жалғайтын нәрсе табудың өзі мұң болды. Сосын «Шахтер» демалыс үйінің жанындағы Самал көліне ат басын бұрдық. Айнадай жарқырап жатыр көл. Айналасын қоршап жатқан  тау сілемдері де ерекше көрік қосады. Шет ел асып, түрлі оқыс жағдайға тап болғанша,  демалушыларымыз тыныш қана таңғажайып табиғаттың ортасындағы «Шахтер» демалыс үйіне келіп неге тынықпайды деп ойладым іштей. Read the rest of this entry »

Қарағандыға отарбамен жүйткіп келеміз. Апайдың ащы даусынан оянып кеттік. «Ұрлады, ұрлап кетті» деп жан дауысы шығып, айқай салып жатыр екен. Проводникті де барып шақырып келді өзі. «Апай қандай затынызды жоғалттыңыз. Табылып қалар, сәл сабыр етіңізші» дейді жанындағылар. Апай сөзге көнер емес. «Осы кісі алды, ұйқыға жатар кезде ғана тұрған әйтпесе» деп қасындағы орыс апаны нұсқады. Орыс апам шыж-быж. Жеті түнде жұрттың мазасын алып, жоғалды деп жар салып жүргені бет сүртетін орамалы екен сөйтсек. Бар даусымен бақырып, тәтті ұйқыдан оятқан апайға көпшілігі  мырс күлді де қайта орындарына жайғасты.

Таңертең әлгі апай менің Шудан әңгелек алғанымды естіді де «әй қыз, сен неге мені де Шуға келгенде оятпадың?» деп ұрыса жөнелгені. «Енді апай қызықсыз. Өзіңіз бір ауыз ескертпесеңіз, жеті түнде шырт ұйқыда жатқан адамды қалай оятамын?» дедім түндегі қылығы есіме түсіп кетіп, күліп. Read the rest of this entry »

Жайдары жаздың қызықтары да аяқталды. Бір балалар лагерде тынықса, бірі қаладағы туған-туыстарды аралады, ал енді бірі ауылда алаңсыз асыр салған болар. Біздің ауылдың қарадомалақтары болса, жаз бойы тыным таппады. Бірі қыш құйды, бірі қой бақты, бірі қауын-қарбыз сатты жол бойында. Енді бірі газет-журнал таратты. Тарқатып айтсақ былай…
Алмас Бибол биыл 7-сыныпқа көшті. Қағілез қара бала. Үш ай бойы қолды қалтаға салып бос жүрген жоқ. Қой бақты. Тегін емес, әрине. Ақшаға. Жаманқараев көшесінің тұрғындары қойды кезекпен бағады. Көршісі Абылай ағай кезегі келгенде Алмасқа қойын бағып беруін өтінді. Әбекеңнің ұл-қыздары есейіп кеткен. Бәрі қалада қызмет істейді. Алмас бірден келісімін берді. Аптаның бейсенбі және сенбі күндері таңмен таласа тұрып, ас-суын қолына алып, қойдың соңынан жөнеледі. Сағат 10-ға дейін жүгіріп, біраз әуреге түсуіне тура келеді. Күн тас төбеге келгенде қойларды тоғайға түсіріп, иіріп қояды. Өзі де суға түсіп, сергіп алады. Сосын қолтығына қыса шыққан кітабын парақтайды. Бердібек Соқпақбаевтың – «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожасын», Толымбек Әбдірайымның «»Аюқұлағын», т.б кітаптарды тауысты. Көк шалғынға көміліп жатып, кітап оқыған қандай рахат! Түс ауа қайта қырға шығады. Күн ұясына батар кезде 300-ге тарта қойды үйді-үйге таратады. Read the rest of this entry »


View Larger Map

Оралхан Бөкейдің туған жеріне жол түсті жақында. Тамылжыған табиғатына ғашық болып қайттым.  Өр Алтай,  асау Бұқтырма, қалың қарағай мен самырсын… қарасаң көзің тоймайды. Адамдары да ақкөңіл, қонақжай екен…

                                                                                                                   

Read the rest of this entry »

Tag Cloud

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 295 other followers