Қош келдіңіз!!!

Advertisements

Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы біздің ауылға жақын орналасқан. Темірланда. Темірлан – Ордабасы ауданының орталығы. Ауылға қыдырып келген достарымды мұражайға апаратын әдетім. Бүгін сіздерге де бір таныстырып шығуды жөн көрдім. Мүмкін, біз жаққа жолдарыңыз түсіп жатса ертіп апарармын. Оған дейін… Read the rest of this entry »

MG_9761
* Аты-жөнім Хамит Асылбек. 1998 жылы 5 ақпанда Арыс қаласында дүниеге келдім.  Шымкенттегі №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 11-сыныбында оқимын. Көше спортымен айналысқаныма 4 жылдан асты.
* Ең алғаш белтемірге (турник) тартылудан бастадым. Кейіннен интернеттен видеолар көріп, трюктерді қайталауға тырыстым.
* Қазір белтемірге 40 рет тартылып, жүзге дейін серпіле аламын.
* Одан алдын дзюдо, каратэмен айналысқанмын. Read the rest of this entry »

,батырхан

Батырхан Сәрсенхан – 1995 жылы 28-наурызда ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан округы,Ақпан аулында туған. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының 1-ші дәрежелі дипломанты, Республикалық «KATEV» байқауының лауреаты, Республикалық Қара Бура ақындар байқаның 2 орын иегері, Облыстық «Шұрайлым-Шұбайқызылым» ақындар байқауының бас жүлдегері, Республикалық мүшайрасында 2 орын иегері. 2010 жылдың Тау самалы лагерінің «Жас ақын» номинациясын иеленген. Жырлары Қазақ радиосының «Айдында жүзген ай сәуле» лирикалық сазды хабарында оқылып, «Жалын» журналына жарияланған.

Олар ұмытылмайды

9-мамыр. Шымкент. «Мәңгілік даңқ!» шеруі «Отырар» телеарнасы, «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қан майданда от кешкен аталарының суреттері мен есімдері жазылған тақтайшаны қолдарына ұстаған ұрпақтары Қажымұқан стадионы алдынан Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» дейін жүріп өтті.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстіктен 140 мың азамат аттанса, оның 43 мыңы елге оралған. Бүгінде олардың 550-і ғана арамызда жүр. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз! Олар ұмытылмайды!

Изображение 339 Read the rest of this entry »

1
Ғимаратқа кірген кезде ең алдымен бояулардың өткір иісі қолқаны қауып, бас айналдырады. Әйткенмен, сол сәтте  қабырғадағы суреттер көзді арбап, «ә» дегенде өзіне елітіп алады. Бұл Шымкент қаласында  бой көтерген  ғимараттың екінші қабаты.  Қожайынына осы нысанның интерьерін фотоға түсіріп, сайтта жариялағым келетінін айтқанда, ол:  ғимараттың мекенжайын көрсетпеуді, атауы қандай болатынын айтпауымды талап етті. Бұл талаптарын жоба толық дайын болмай  тұрып  жұртшылықтың құлағына жетпегенін қалайтындықтарымен түсіндірді.  Read the rest of this entry »

1

Мамам менің, ақ мамам. Жасы биыл алпысты алқымдады. Зейнеткер. Күн ұзақ үйде жалғыз. Тыным таппайды. Read the rest of this entry »

Кілтсөздер бұлты