Қош келдіңіз!!!

Posts tagged ‘әпкем’

Мәңгілік біз сіздерге борыштармыз…

Мейірбан анашым менің … Біз үшін қаншама қиындықтарды басыңыздан өткерсеңіз де мойымадыңыз, жасымадыңыз. Қазір ойлап қарасам, балалық сезімнің жетегіне еріп, сізді сан мәрте ренжітіппін-ау. Ал сіз барлығына да төзімділікпен қарадыңыз. Еркеліктерімді көтеріп, ағаттықтарымды кешіре білдіңіз. Осы уақытқа дейін жаныңызға көп жара салсам кешіріңізші… Маңдайыңызға түскен әрбір әжім мен самайыңызды шалған әрбір қырауға қосқан үлесімнің шексіз екенін білемін. Кейде «бір өзің он балаға татисың-ау» деп ренжитініңіздің мәнін енді жырақта жүргенде ұғынып жүрмін. Өмірдің әділетсіздіктерінен түңілген сәттерде  сіздің «Айналайын, құлыным» деген бір ауыз сөзіңіз қаншама күш-қуат береді. Жаныңыздан қанша ұзап кеткім келмесе де, қазір басқа қаладамын. Сіздің жалғыздықтан жабығатыныңызды ойласам, бәрін тастап ауылға, сіздің қасыңызға қайтқым келеді… (толығырақ…)