Қош келдіңіз!!!

Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы біздің ауылға жақын орналасқан. Темірланда. Темірлан – Ордабасы ауданының орталығы. Ауылға қыдырып келген достарымды мұражайға апаратын әдетім. Бүгін сіздерге де бір таныстырып шығуды жөн көрдім. Мүмкін, біз жаққа жолдарыңыз түсіп жатса ертіп апарармын. Оған дейін… Read the rest of this entry »

MG_9761
* Аты-жөнім Хамит Асылбек. 1998 жылы 5 ақпанда Арыс қаласында дүниеге келдім.  Шымкенттегі №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 11-сыныбында оқимын. Көше спортымен айналысқаныма 4 жылдан асты.
* Ең алғаш белтемірге (турник) тартылудан бастадым. Кейіннен интернеттен видеолар көріп, трюктерді қайталауға тырыстым.
* Қазір белтемірге 40 рет тартылып, жүзге дейін серпіле аламын.
* Одан алдын дзюдо, каратэмен айналысқанмын. Read the rest of this entry »

,батырхан

Батырхан Сәрсенхан – 1995 жылы 28-наурызда ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан округы,Ақпан аулында туған. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының 1-ші дәрежелі дипломанты, Республикалық «KATEV» байқауының лауреаты, Республикалық Қара Бура ақындар байқаның 2 орын иегері, Облыстық «Шұрайлым-Шұбайқызылым» ақындар байқауының бас жүлдегері, Республикалық мүшайрасында 2 орын иегері. 2010 жылдың Тау самалы лагерінің «Жас ақын» номинациясын иеленген. Жырлары Қазақ радиосының «Айдында жүзген ай сәуле» лирикалық сазды хабарында оқылып, «Жалын» журналына жарияланған.

Олар ұмытылмайды

9-мамыр. Шымкент. «Мәңгілік даңқ!» шеруі «Отырар» телеарнасы, «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қан майданда от кешкен аталарының суреттері мен есімдері жазылған тақтайшаны қолдарына ұстаған ұрпақтары Қажымұқан стадионы алдынан Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» дейін жүріп өтті.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстіктен 140 мың азамат аттанса, оның 43 мыңы елге оралған. Бүгінде олардың 550-і ғана арамызда жүр. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз! Олар ұмытылмайды!

Изображение 339 Read the rest of this entry »

1
Ғимаратқа кірген кезде ең алдымен бояулардың өткір иісі қолқаны қауып, бас айналдырады. Әйткенмен, сол сәтте  қабырғадағы суреттер көзді арбап, «ә» дегенде өзіне елітіп алады. Бұл Шымкент қаласында  бой көтерген  ғимараттың екінші қабаты.  Қожайынына осы нысанның интерьерін фотоға түсіріп, сайтта жариялағым келетінін айтқанда, ол:  ғимараттың мекенжайын көрсетпеуді, атауы қандай болатынын айтпауымды талап етті. Бұл талаптарын жоба толық дайын болмай  тұрып  жұртшылықтың құлағына жетпегенін қалайтындықтарымен түсіндірді.  Read the rest of this entry »

1

Мамам менің, ақ мамам. Жасы биыл алпысты алқымдады. Зейнеткер. Күн ұзақ үйде жалғыз. Тыным таппайды. Read the rest of this entry »

Объективке ілінген дүниелерімді ұсынамын 🙂
1Көктем – қайсарлық. Read the rest of this entry »

Журналист ағам Әуесбайдың Қанаты «Сочиде сынға түскен спортшыларымызды қолдау мақсатында «Like Kazakhstan in Sochi» халықаралық онлайн фотоакциясы ұйымдастырылып жатыр. Қатысып көрсеңші» деп хабарлама жіберді өткен аптада. Қарасам шарттары қиын емес. Адамдарға Like Kazakhstan in Sochi жазуын ұстатып, суретке түсіру керек екен. Сосын ол сурет әлеуметтік желілерде жарияланады.

дарын4

Келесі күні көршімнің кішкентай ұлы Дарын мен Бақнұрды түсірдім де, айтқан мекенжайға жолдап жібергем. Бүгін Астана қаласындағы «Болашақ» ХБО орталығының конференц-залында фотоакцияның марапаттау рәсімі өтіпті. Және менің көршілерім «Ең кішкентай жанкүйерлер» номинациясын жеңіп алыпты. Read the rest of this entry »

Оларға он күн бұрын жып-жылы үйде ойнап-күліп, жұмсақ ойыншықтармен ойнау арман болатын. Олар қабырғасы құлайын деп тұрған, едені жоқ сыз бөлмеде жетілді. Олар деп отырғаным – Ахат аға мен Кубра апайдың үйінде өсіп келе жатқан үйелмелі-сүйелмелі 9 бала. Аллаберген 9-сынып, Рабия 8-сынып, Хадиша 5-сынып, Сабина 4-сынып, Зухра мен Захра 1-сыныпта оқиды. Одан кейін Азизаның жасы 5-те. Махти 2-ге толады, ал кішкентайлары Рамазан 4 айлық. Алтауы Шымкенттегі Ақпан батыр атындағы №10 мектепте білім алады. IMG_0112

Рабия: Қара нан мен қара су да таппай қалған күндер болды. Шыдап бақтық. Ата-анамыз қиындыққа төзуге, сабыр-лылыққа тәрбиеледі өйткені. «Мектепке бір киімді күнде киіп бара беремін бе?» деп қиғылық салған емеспіз. Жыл сайын Аллаберген екеуміз Рамазан айында ораза ұстаймыз. Кейде ауыз ашатын, бекітетін кезде тамақ болмай қалады. Ол кезде анам суға күріш пен машты қайнатып, пісіріп береді. Биылғы жыл біз үшін сәтті басталды. Өйткені, Жаңа жылға жақсы адамдар сый жасап, осы пәтерге көшіріп әкелді. Уақытша тұрсақ та, алдыңғы құлағалы тұрған баспанамыздан әлдеқайда жақсы. Ойын-шықтарға толтырып қойыпты. Біз ойнап өс-пеген ойыншықтармен кішкентай іні-сіңлілерім ойнап өсетін болды. Read the rest of this entry »