Қош келдіңіз!!!

Posts tagged ‘Қаржаубай Омарұлы’

Балаларды қорғау керек бәрінен

Бүгін бар әлем періште сәбилердің күміс күлкісіне толатын күн. Иә, олардың сыңғырлаған күлкісіне не жетсін! Көңілдері кіршіксіз, жүректері таза, жандары сұлу біздің сүйкімді балапандарымыздың жанарынан шуақ тарамаса екен. Балаларды қорғау күні ғана емес, әр күні біз балдырғандарды неден қорғауымыз керек? Оған Қаржаубай ағаның өлеңінен жауап іздеп көрелік…             

                                  Қорғау керек           Қаржаубай Омарұлы

Балаларды қорғау керек бәрінен:

Қарлы қыстың қаһарынан, кәрінен,

Аяз, боран, аңызақтан, аптаптан,

Замананың зұлматынан, зәрінен.

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

«Айналайын!»болсын әркез сая бақ.

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш,

Балаларға бөлінбесін алалап. (толығырақ…)