Қош келдіңіз!!!

Archive for Ақпан, 2011

Тренинг

Біз бұл сенбідегі дәрісімізде  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының GSM Kazakhstan/Kcell компаниясының өкілдерімен бірге ұйымдастырған арнайы тренингке қатыстық. Сабақ барысында байланыс саласына байланысты Еркін ағай талай тың дүниелер  айтты.  Ал Асхат ағайымыз болса қалтафонның көмегімен сайттарға қалай ақпарат орнатуды көрсетті. (толығырақ…)

«Журналист болғың келе ме?»

Бәйге! Бәйге!

Құрметті талапкер! Болашақта журналист болғың келе? Еліміздегі ең мәртебелі жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқығың келе ме? Ендеше, бұл бәйге сен үшін!Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті бірлесе отырып, 2011-дің талапкерлері үшін «Журналист болғың келе ме?» атты конкурс жариялайды. Конкурсқа 11-сыныптың оқушылары қатыса алады. Байқауға бес тақырып ұсынылады.

1. Менің Қазақстаным

2. Журналистика – мен армандайтын мамандық (толығырақ…)

Хаттың жөні бір бөлек

Осыдан екі-үш жыл бұрын «Ұланның» тұрақты оқырмандары мен жас тілшілерінен хаттар топырлап келетін. Еліміздің әр аймағынан бір-бірімізге почтамен жұмсақ ойыншық,құттықтау хаттары мен кітаптарды мереке сайын жолдап жататынбыз. Бір-бірімізді жүзбе-жүз көрмесек те, ыстық лебіздерді жеткізетін сол үшбу хаттар біздерді жақын достастырды. Арман, мақсаттарымызды бір арнаға тоғыстырды. Әр апта сайын он-он бес шақты хатқа жауап жазып, абыр-сабыр боп жүретінімді көрген бір құрбым:

-Техниканың барынша дамып, дәуірлеген заманында хат жазысу деген баяғыда қалмады ма? Қалтаңдағы ұялы телефоның не үшін керек? – десе, екіншісі: (толығырақ…)

Түрік халқының жұмбақтары (Әзіл-әзір жауаптар)

Бос уақыттарыңызда қасыңыздағы адамдарға мына жұмбақтарды жасыра жүріңіз. Көңілдеріңіз көтеріліп, күлкіге көміліп қаласыздар.

Шай қасығы шекерге не депті?   («Шай ішерде кездесейік, шекерім» депті)

Қатты кетіп бара жатқан жүк мәшинесін бір қолымен ғана кім тоқтата алады? ( Жол полициясы)

Дәрігер операцияда не үшін маска киеді? ( «Қате –жаңылыс операция жасағанда танымасын» деп)

Велосипед қай уақытта ұшақтай тез жүреді?( Ұшаққа мінгізілгенде) (толығырақ…)

«Ұландықтар» – Қызылағашта

«Ұлан» ұжымының «Қызылағаштық өрендермен жүздесіп, үздік оқитын 15 баланы өз атымыздан газетке жаздырып қайтайық» деген бастамасын жас тілшілер қуана құптадық. Өйткені, елді есеңгіретіп кеткен апаттан кейінгі ауылдың жай-күйін өз көзімізбен көргіміз келді. Мақсатымыз орындалды. Ақ пейілді ауыл тұрғындары мен көздерінен үміт ұшқыны байқалған балалардың соншама азапты бастарынан өткерсе де, жасымағанына куә болдық.

Ілияс Жансүгіров есімін иеленген мектепте 374 оқушы білім нәрімен сусындауда екен. Өкінішке қарай, тасқында бес шәкіртінен көз жазып қалыпты. 8-сынып оқушысы Жібек Саламат:

Жастық жалын жастайынан солғаны,

Көкірегімді азалы мұң торлады.

Қос құрбымды тасқын суы жалмады,

Тұйықталды өмір атты жолдары. (толығырақ…)

Дарина- ең жас ерікті

Дарина Сұлтанбекқызы Алматы қаласындағы №173 лицейдің 10-сыныбында оқиды. Оқу үздігі. Ағылшын тілін жетік меңгерген ол VII Қысқы Азия ойындарында еріктілер қатарына қабылдануға бағын сынап көрген. Сыннан сүрінбей өтіп, дүбірлі додада ең жас көмекші болып шыға келді.

Еріктілер қатарына іріктеу жүріп жатқанын ағамның досы айтты.Қатты қызықтым және өзімнің мүмкіндігім барын аңғардым. Барып, еріктілер қатарына жазылдым да, бірнеше ай бойы түрлі тренингтен өттім, – дейді Дарина. (толығырақ…)

Күн демалыс. Атакенттің маңайында ағылған адам. Көптің ішінде мен де жүрмін. Қарсы алдымнан жасы елуді алқымдаған қазақ апайы жолығып, «Қызым өмірде шын бақытты болғың келе ме? Онда мына кітаптарды оқып шық» деп қолыма әдемі безендірілген бірнеше кітаптар ұстатты. Жүзі сондай мейірлі… Ашып қарасам Исаны уағыздаған Інжілдің кітаптары. Умаждап қоқыс жәшігіне лақтырдым. Отбасының берекесін сақтап, немерелеріне бесік жырын айтып отыратын шақта өзге діннің шырмауына шырмалғаны несі?.. Аядым…

*********************************** (толығырақ…)

Жанар Шәмел, «Балапан» арнасының жетекшісі: Өз жобасын балалар да ұсына алады

Ұлан: «Балапан» арнасын ашу қашаннан қолға алынды?

Жанар Шәмел: Былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінің басшылығы мен Байланыс және ақпарат министрлігіне толықтай қазақ тілінде хабар тарататын, балаларға арналған телеарна құруды тапсырған болатын. Міне, сол тапсырма негізінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының базасынан 2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап «Балапан» телеарнасы эфирге жол тартты. Кабельдік желіде күнделікті таңғы оннан түнгі онға дейін тек қазақ тілінде хабар тарататын бұл телеарна 3-10 жас аралығындағы балаларға арналған. Өздеріңіз де білесіздер, бұған дейін отандық телеарналарда балаларға арналған жекелеген хабарлар көрсетілгенмен, дәл мұндай күні бойы ана тілімізде сөйлейтін телеарна болмаған. Сондықтан телеарнаның көтерер жүгі қомақты. Өскелең ұрпақтың қазақ тілінде жетік сөйлеп, ой-өрісінің кеңеюіне, оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде үлкен серпін береді деп сенемін. (толығырақ…)