Қош келдіңіз!!!

Archive for Наурыз 4, 2011

Төлеген Айбергенов Ана

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. (толығырақ…)

Мерейлі мерекелеріңізбен!!!

Қымбатты аналар, әпкелер, ұстаздар, жеңгелер, құрбылар, сіңлілер сіздерді  көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын. 1 апта ауылда жүріп, интернетті пайдалана алмайтыныма байланысты алдын ала құттықтап кетуді жөн көрдім. Келген көктем көңілдеріңізді көптеп қуанышқа кенелтсін!!!сурет ardcard сайтынан алынды

Мәңгілік біз сіздерге борыштармыз…

Мейірбан анашым менің … Біз үшін қаншама қиындықтарды басыңыздан өткерсеңіз де мойымадыңыз, жасымадыңыз. Қазір ойлап қарасам, балалық сезімнің жетегіне еріп, сізді сан мәрте ренжітіппін-ау. Ал сіз барлығына да төзімділікпен қарадыңыз. Еркеліктерімді көтеріп, ағаттықтарымды кешіре білдіңіз. Осы уақытқа дейін жаныңызға көп жара салсам кешіріңізші… Маңдайыңызға түскен әрбір әжім мен самайыңызды шалған әрбір қырауға қосқан үлесімнің шексіз екенін білемін. Кейде «бір өзің он балаға татисың-ау» деп ренжитініңіздің мәнін енді жырақта жүргенде ұғынып жүрмін. Өмірдің әділетсіздіктерінен түңілген сәттерде  сіздің «Айналайын, құлыным» деген бір ауыз сөзіңіз қаншама күш-қуат береді. Жаныңыздан қанша ұзап кеткім келмесе де, қазір басқа қаладамын. Сіздің жалғыздықтан жабығатыныңызды ойласам, бәрін тастап ауылға, сіздің қасыңызға қайтқым келеді… (толығырақ…)