Қош келдіңіз!!!

Бүгін қазақ балалар басылымының атасы, талай тарландарды түлетіп ұшырған «Ұлан» газеті 81 жасқа толып отыр. Кезінде «Қазақстан пионері» аталған тұста ана-анамыз бен аға-әпкелеріміздің сұмдық бас алмай оқитын газеті болған ғой. Сосын мені де 5-сыныпта достық үрдісін жалғастырсын деп, «Ұланға» жаздыртып қойды. Қайдан білсін, кейін осы газет менің журналистикаға аяқ басуыма себепкер болатынын. Ұланмен» достасқаныма биыл сегізінші жылға аяқ  басыпты. Осы жылдар аралығында «Ұлан» шеберлігімді шыңдады,ой-өрісімді кеңейтті. Білім мен әдебиетке құштар қаншама жақсы достармен табыстырды. Қиялыма қанат байлап, қызығы мен қиындығы мол журналистика әлеміне жетеледі.

Балалар басылымында қызмет ету қиынның қиыны екенін былтыр «Ұланда» өндірістік тәжірибеден өту барысында-ақ байқағанмын. Өйткені, балалар әлемі кіршіксіз пәк, таза, өзгеше әлем. Оларға жалған сөйлеуге, күрделендіріп жазуға болмайды. Бәрін бала жүрегімен қабылдап, баланың көзқарасымен қарауың керек. Кейде редакцияға бас сұққанымда Есей ағаның балалардан келген хаттарды оқып отырғандағы жүзіндегі қуанышты көріп, мен де осындай сезімді қашан бастан өткерер екенмін деп ойлаймын…

Мерейтойыңмен, «ҰЛАНЫМ»!!! Есейіп кетсек де сен біздің мәңгілік айнымас досымыз, ақылшы ұстазымыз болып қала бересің!!!

Comments on: "Туған күніңмен «Ұланым!»" (5)

  1. Бала күнімдегі сүйікті газетімді менде туылған күнімен құттықтайм! Оқырмандары көп болсын! Әрқашан жастарға жол аша берсін!

  2. Құтты болсын «Ұлан» газеті!
    Сіздерде өте үлкен жауапкершілік бар. Ол – балалар санасы үшін күрес.

  3. Айжан Қасымова said:

    иә, менің де Ұланмен достасқаныма 6-7 жыл болды, биылдан бастап, осы газеттің «жас тілшісі» болдым. Сөз жоқ, біздің газет – ең үздік газет! Солай емес пе?

Пікір қалдыру